Атырау, 23 қараша 23:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әзербайжан-Армения шекарасында тағы қарулы қақтығыс болды: қаза тапқандар бар

711 просмотра
Cурет: azertag

Әзербайжан мен Армения тарапы Ресей бітімгерлерінің бақылауындағы Лачин дәлізі маңындағы шекарада қарулы қақтығыс болғанын мәлімдеді. Екі жақтан да қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC хабарлауынша, Армения Қорғаныс министрлігі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00 шамасында Арменияны Армениямен байланыстыратын жолды өтетін Әзірбайжанның Лачин қаласына жақын орналасқан армениялық Тех ауылы маңында армян әскерилеріне оқ атылғанын мәлімдеді. Аталған қала жанынан Арменияны Қарабақтың армяндар тұрып жатқан бөлігімен қосатын жол өтеді. Ресей бітімгерлері сол жолды және Армения анклавын бақылайды.

Ал Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Лачинге жақын маңдағы әзербайжандық әскерилерге Армения тарапынан оқ атылғанын хабарлады.

«Армения да, Әзербайжан да өз тарапынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Тех ауылы Лачиннан тоғыз шақырым жерде орналасқан. Осы жолдың жартысына жуығын ресейлік бітімгерлік күштер бақылауына алған. Ол жерге 2020 жылдың қарашасында Ресей, Әзербайжан және Армения қол қойған келісім бойынша бітімгерлік күштері әкелінді. Олар Қарабақ аумағының армяндар тұратын бөлігін бақылайды.

Бұған дейін Қарабақ жолындағы Лачин қаласын армян жағы басып алған болатын, бірақ 2020 жылдың күзінде Әзербайжан 44 күндік соғыста жеңіске жеткенде аталған келісім бойынша қайтарылған болатын. Содан бері тараптар әртүрлі жылдардағы кеңестік карталарды пайдалана отырып, олардың арасындағы шекараның қайдан өтетінін келісуге тырысып келеді. 30 жылдан астам әскери қақтығыстар кезінде тараптар бұл аумақтарды сол демаркациялай алмай келеді.

12 сәуір 2023, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.