Атырау, 28 қараша 05:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сүңгуірден есірткі сатушыға дейін

739 просмотра

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығумен айналысып жүрген Шығыс Қазақстан облысының 1990 ж.т. тұрғынын анықтаған. Бұрын есірткі сатушы сүңгуір болып жұмыс істеген.

Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 грамм “Альфа-PVP” және 207,91 грамм болатын мефедрон анықталды. Медициналық сараптама қорытындысымен мұның ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергер тексеру жүргізіліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД жолдаған сурет

11 сәуір 2023, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.