Атырау, 5 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп "үшінші дүниежүзілік соғыс" туралы мәлімдеді

564 рет қаралды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жаһандық қақтығыс туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқа хабарлама 9 сәуірде пайда болды.

"Үшінші дүниежүзілік соғыс", - деп жазды Трамп. Ол өз ойына қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

АҚШ-тың бұрынғы басшысы үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатынын бірнеше рет болжаған. Осылайша, 6 сәуірде Трамп Мар-а-Лаго резиденциясынан үндеу айтып, оның елі "тозаққа" бара жатқанын айтты. Ол Джо Байден әкімшілігінің басшылығымен үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген болатын.

10 сәуір 2023, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.