Атырау, 28 қараша 05:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Министр оқушыларды адам өмірін құтқарғаны үшін марапаттады

908 просмотра

Оқу-ағарту министрі Ғани БЕЙСЕМБАЕВ ерліктері үшін бірнеше қазақстандық оқушыны алғыс хатпен марапаттады, олардың арасында Атырау облысы Құрманғазы ауданынан Оразәлі ЗИНУЛЛАЕВ, Саян ЕСБОЛ және Марал ҒАНИЕВ та бар.

- Адам өмірін құтқару - үлкен ерлік. Осындай азаматтар тәрбиелегені үшін ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңізге алғыс айтамын, - деді Ғ. Бейсембаев.

Кездесуге  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, дзюдошы әрі самбошы Руслан Сейілханов қатысты. Батыр балалар мен олардың ата-аналарына министрдің алғыс хаты, сонымен қатар энциклопедиялар, спорттық құрал-жабдықтар мен демалыс лагеріне жолдама берілді.

Еске салсақ, 14 наурыз күні Құрманғазы ауданы Бірлік ауылында ағайынды 6 және 9 жасар екі бала су толы Щучий каналы бойында ойнап жүріп, байқаусызда кішісі құлап кетеді. Үлкені оны құтқармақ болғанымен, ол да бата бастайды. Жүгіріп келген жоғары сынып оқушылары Оразәлі Зинуллаев, Саян Есбол және Марал Ғаниев оларды судан алып шықты. Өкінішке орай, кішісі қайтыс болды, ал үлкені аман қалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ҚР оқу-ағарту министрлігінің сайтынан алынған сурет

10 сәуір 2023, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.