Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ көрмесінде 5G ұсынылды

PR Сурет
990 просмотра

Kcell «Атырау. Мұнай және газ» 20-шы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің аумағын деректерді тасымалдау жылдамдығы 1,5 Гбит/с дейін жететін 5G қамтамасыз етті. 

Бүгінде 5-7 сәуір аралығында Атырау қаласында «Атырау. Мұнай және газ» 20-шы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей және Түркия елдерінен 86 компания өз өндірісі мен ресми дистрибьюторлық өнімдерін ұсынды.

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ көрмесінің қонақтары Kcell бесінші буын байланысының барлық артықшылықтарын толық сезіне алады. Көрме алаңында 5G жылдамдығының өлшемі 1,5 Гбит/с жетеді. Мобильді оператор көрмеде өз алаңын ұйымдастырып, «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Каспий құбыр консорциумы», «Qazaqgaz» және т. б. ірі компаниялармен бірге қатысты. Айта кету керек, бұл ұялы байланыс операторы қазақстандық салалық көрмеге алғашқы рет қатысып отыр. Бұл экономиканың ірі секторларында жеке 5G желісін пайдаланудың әлемдік трендінің күшейгенін көрсетеді. Дүние жүзіндегі мұнай-газ, энергетика, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі қазіргі уақытта жалпы өнімділік пен операциялық тиімділікті арттыру үшін жеке 5G телекоммуникация желісін орналастыруға көп қаражат бағыттайды.

Kcell қазірдің өзінде 5G желісін практикалық қолдану жағдайларын дайындау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Себебі технологияның өзі азаматтар үшін жылдам интернет қана емес, сонымен қатар экономиканың әр түрлі саласындағы бизнестің цифрлық трансформациясының негізі болып табылады. Бүкіл шикізат секторының даму жылдамдығы ұялы байланыс операторларының осындай жобаларды жүзеге асыру қабілетіне аса тәуелді. Әрине, мұндай ауқымды жобалар оператордың бүкіл ұжымының үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігін талап етеді. Kcell ТМД-да алғашқылардың бірі және Қазақстанда бірінші болып KAZ Minerals үшін толық ауқымды жеке LTE желісін енгізді.

Еске салсақ, 2022 жылдың соңында «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС консорциумы 5G үшін радиожиіліктерге арналған аукционды жеңіп алды. Биыл операторлар жалпы саны 782 базалық станцияны орнатуы керек.

7 сәуір 2023, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.