Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада қауіпті вирустарды тасымалдаушы масалардың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ДДСҰ-ның сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанды безгегі, зика безгегі және чикунгунья сияқты вирустық ауруларды тасымалдаушы Aedes масалары оңтүстік Еуропада кең таралған.
Еуропа елдерінде көктем мен жаз айларында тіркелген жоғары температура континентте масалардың көбеюіне ықпал ететіні айтылған.
ДДСҰ Испания, Франция, Италия, Греция немесе Хорватия халқына қауіп төніп тұрғанын ескертеді.
Ұйым сарапшылары Aedes масаларының қауіпті безгек тасымалдаушы басқа масалардан айырмашылығы адамдарды күндіз аулайтынында.
"Бұл масалар бір күнде бірнеше адамға шабуыл жасай алатындықтан, бұл халық тығыздығы жоғары аймақтарда індеттің пайда болуына ықпал етеді", - деп атап өтті мамандар.
Бүгінгі күні маса арқылы таралатын вирустық аурудың ешқайсысына қарсы вакцина жоқ.