Атырау, 28 қараша 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Спорт жаңалықтары

Сурет
1 190 просмотра

Мысырдың Александрия қаласында парадзюдодан Гран-при турнирі өтті. Жарысқа 30 елден 162 спортшы қатысты.

Атыраулық қатысушылардан Ерлан Өтепов (90 келіден жоғары) күміс, Аманжол Жанболат (90 келіге дейін) қола жүлдені жеңіп алды.

* * * * *

Анталияда өткен дзюдодан «Grand Slam» турнирінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Данияр Шамшаев (73 келі) жаңартылған әлемдік рейтингте 15-орынға тұрақтады.

Ал атыраулық Әбиба Әбужақынова 4183 ұпай жинап, әлемнің үздік дзюдошыларының бестігіне енді.

* * * * *

Семейде дзюдодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта атыраулық Дана Әбдірова чемпион атанды.

Дана алдын ала кезеңде Алматы, Шымкент және Түркістан облысынан келген қарсыластарын, жартылай финалда шымкенттік тағы бір спортшыны, финалда Абай облысының өкілінен басым түсті.

* * * * *

Атырауда 23 жасқа дейінгі ерлер арасында волейболдан ел чемпионатының IV тур ойындары өтті. Жарысқа Ұлттық лига чемпионатына қатысатын волейбол клубтарының 8 фарм-командасы қатысты: «Есіл СК-2», «Тараз-2», «Жайық-2», «Алтай-2», «Буревестник-2», «Ұшқын Көкшетау-2», «Павлодар- 2» және «Атырау-2».

Алдыңғы үш турдың қорытындысы бойынша «Атырау-2» командасы жалпы есепте екінші орын алса, биылғы турнирде 7 кездесуде де жеңіске жетіп, турнирлік кестеде бірінші орынға шықты.

Алда сәуірдің 10-ы мен 19-ы аралығында Тараз қаласында чемпионаттың финалдық кезеңі өтеді.

* * * * *

Астанада ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан ардагерлер арасында ел чемпионаты өтті. Атырау облысының «WesternRunners» командасы бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша Елдос Қуандықов 1500 және 3000 метрге жүгіруде алтын, ұзындыққа секіруде қола, Еркебұлан Аташев 800 метрге жүгіруде алтын, 1500 метрге жүгіруде күміс алқаға қол жеткізді.

* * * * *

Атыраулық дзюдошылар Тбилисиде өткен Гран-при турниріне қатысты.

Мұнда 52 келідегі Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге қол жеткізді. 60 келіге дейінгі салмақта Қанат Сейілхан қола алқа үшін белдесуде қазақстандық Мағжан Шамшадинге есе жіберді. Тағы бір атыраулық дзюдошы Ермек Амангелді де жүлделі орындарға жете алмады.

* * * * *

Қарағандыда каратэ шинкекушинкайдан Қазақстан чемпионаты өтті.

Турнирде Атырау облысының спортшылары 3 алтын (Аманкелді Ислам, Кирилл Ким, Батырхан Амангелдиев) және бір күміс (Нарынбек Құдайберген) алқа жеңіп алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 сәуір 2023, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.