Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Экология министрі Атыраудағы экологиялық жағдайға қатысты пікір білдірді

1 353 просмотра

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова соңғы күндердегі Атыраудағы экологиялық ахуалға әсер еткен үш жағдайға тоқталды.

"3 сәуірде Атырау облысында бірнеше штаттан тыс оқиға, соның ішінде “Ақ Жайық” мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі, Атырау мұнай өңдеу зауытының түтіндеуі мен "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС-да факелде газ жағу орын алды. Сол күндері орын алған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен желдің болмауын қоса алғанда күрделі экологиялық жағдай қалыптасты", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, қазіргі уақытта екі кәсіпорынға қатысты тексеруді прокуратураға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Екі факті бойынша мән-жай анықталады.

"Бір айта кететін жәйт, кәсіпорындардың, әсіресе Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және факелде газды жандыру жүйелі түрде тіркелуде. Өткен жылы тиісті экологиялық заңнаманы жүйелі бұзғаны үшін зауыттың экологиялық рұқсатын тоқтата тұру туралы Атырау облыстық экология департаменті материалдарды сотқа жолдаған болатын", - дейді ведомство басшысы.

Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, биыл да зауыттың экологиялық көрсеткіштер сапасы жақсармаған.

"Осыған байланысты кәсіпорындар экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мәселесін бақылауға алып, барлық бұзушылықтарды дереу жоюы қажет. Осы мәселе бойынша министрлік Атырау мұнай өңдеу зауыты мен KPI-нің бас компаниясы – ҚазМұнайГазға (KPI бойынша Самұрық Қазына Өңдеуді қоса) хат жолдамақ", - деп жазды министр.

5 сәуір 2023, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.