Атырау, 28 қараша 06:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жағалаудағы қамыс өртін сөндіру жалғасуда

Сурет
1 245 просмотра

Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өртін жою үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен «АқЖайық» табиғи мемлекеттік резерватының қызметкерлері үш күн бойы жалынмен күрес жүргізуде.

Айта кету керек, өртті сөндіру жұмыстары аралас тәсілмен жүргізілуде. Өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен хлопушкалардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда. 

 - 4 сәуірде сағат 17.00-ден бастап өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта әуеден 14 рет, жалпы көлемі 70 тонна су төгілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД жолдаған суреттер

4 сәуір 2023, 23:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.