Атырау облысының полицейлері киік мүйіздерінің қоймасын тапты.
24 наурызда Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 жылы туған аудан тұрғынының мекенжайын тексеру барысында жерге көмілген 137 киік мүйізі мен қол араны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу басталды.