Атырау, 23 қараша 22:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Трамп түрмеге қамалуы мүмкін

597 просмотра

Сейсенбіде АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тағылатын 34 айыптың әрқайсысы оны төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы дүйсенбіде Yahoo News порталы прокуратурадағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Дональд Трамп сейсенбіде қамауға алынып, қаржылық құжаттарды бұрмалағаны үшін оның атына 34 қылмыстық тармақ бойынша айып тағылғаны туралы хабардар етіледі", — делінген хабарламада.

Нью-Йорктің Қылмыстық кодексіне сәйкес, тағылған айыптар оны төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға толық негізі бола алады.

CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президентіне 30-дан астам айып тағылған, оның ішінде бизнестегі алаяқтық әрекеттерге қатысты. 

Нью-Йорк полициясы АҚШ-тың экс-Президентіне тағылған айыпқа байланысты наразылықтарға жауап беруге дайын екенін хабарлағанын еске саламыз.

4 сәуір 2023, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.