Атырау, 20 сәуір 16:27
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атыраулық оқушы әлемнің ең үздік 5 университетінен шақырту алды

994 просмотра

Бұл туралы Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар АЛЬМУХАМЕТОВ әлемнің ең үздік 50 университеті қатарына кіретін бес жоғары оқу орнына шақырту алып отыр. 

Атап айтсақ, «Columbia University», Америкадағы «University of California Berkeley» және «Georgia Institute of Technology», Кореядағы «Korean Advanced Institute Science and Technology», Канададағы «University of Toronto» университеттері. 

– Мен осыдан алты жыл бұрын NIS-ті таңдағаныма өте қуаныштымын. Өзіме осы жылдар бойы қолдау білдіріп, білім берген барша ұстаздарға, кураторыма, жалпы мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін, - деді А.Альмухаметов. 

Десе де Асқар қай оқу орнында оқитыны туралы әлі нақты шешім қабылдамаған. Өйткені әлі де шақыртулар келіп жатыр. Ал өзінің АҚШ-тың экс-Президенті Барак Обама оқыған «Columbia University» университетінде білімін жалғастыру ойы бар. 

Айта кетейік, ол халықаралық Apple компаниясының WWDC20 Swift Student Challenge атты байқауында жеңімпаз атанып, еліміздің IT компанияларында қызмет етіп те үлгерген. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

4 сәуір 2023, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.