Атырау, 28 қараша 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы түтін: «Ақжайық» қорығының басшылығы полицияға жүгінді

Сурет
1 236 просмотра

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы 89 гектар аумақты өрт алды. 3 сәуір күні таңертең 82 гектар жер сөндірілді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде экология департаменті басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВТІҢ, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты бөлім басшысы Ғани АҒЫБАЕВТЫҢ, №7 қалалық емхана директоры Гүлнафис ТАҢБАЕВАНЫҢ және ТЖД басшысының орынбасары Жасұлан АҚТАЕВТЫҢ қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Ж.Ақтаевтың айтуынша, Каспий теңізі жағалауындағы «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында жету қиын батпақты аумақта жалпы ауданы 7 га қамыс  өртеніп жатыр. Өрт сөндіруге ТЖД 40 қызметкері мен төрт техникасы, сондай-ақ «Ақ Жайық» табиғи резерватының 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды. «Ақ Жайық» МТҚ  өкілі Ғани Ағыбаевтың айтуынша, жағалаудың теңіз суы таязданып кеткен бөлігінде өсімдіктер өртеніп жатыр.

Жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты шиеленісіп, үнемі бағытын өзгертетін қатты жел өрт ауқымын ұлғайтып отыр. Сонымен қатар, батпақты жер балшыққа түсетін техниканы толық пайдалануға мүмкіндік бермейді. Ғ.Ағыбаев атап өткендей, адами немесе табиғи (найзағай) факторлар өрттің ықтимал себептері болуы мүмкін. Бірақ кеше жаңбыр жауып, найзағай ойнамағанын ескерсек, өртке адам себепкер болды деген болжам бар. Табиғи қорық басшылығы құқық қорғау органдарына кінәлілерді анықтау туралы арызбен жүгінді. Жануарлар әлеміне келтірілген зиянға келсек, Ғ. Ағыбаевтың айтуынша, құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған.

Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов кеше және бүгін таңертең Атырау қаласында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кетуі тіркелмегенін айтты.

№ 7 қалалық емхана директоры Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, ауадағы түтіннің көп болуы созылмалы дертке шалдыққан адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ол мүмкіндігінше мұндай жағдайларда ерекше қажеттіліксіз далаға шықпай, үйде болуды, терезе мен желдеткіштерді жабық ұстап, бөлмедегі ауаны баптау желдеткішін пайдалануды ұсынды. Көшеге шығу қажет болса, медициналық қорғаныс маскаларын киген жөн.

Бұл ретте ол кеше және бүгін таңертең «103» жедел жәрдем станциясына түтіннің кесірінен денсаулығы нашарлауына байланысты шақырту түспегенін атап өтті.

Елена СҮНДЕТОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

3 сәуір 2023, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.