Атырау, 28 қараша 06:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Алаулардың түтіні де қосылды

Бейнежазба
1 352 просмотра

Бүгін таңертең Атырауды тұншықтырған түтінге «қосымша» әлеуметтік желіде өнеркәсіп алауларынан қою қара түтін будақтап жатқаны туралы видеолар пайда болды.

Зауыттың баспасөз қызметі бұған пештің түтіндеуі себеп болған деп жауап берді.

- 10 минуттан кейін сөндірілді, - деп хабарлады баспасөз қызметі. Сәл кейінірек АМӨЗ баспасөз қызметі баспасөз хабарламасын таратты: «“Атырау МӨЗ” ЖШС технологиялық режимнің бұзылуы, атап айтқанда жанармай газына сұйықтықтың түсуі салдарынан баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимінің бұзылу фактісі тіркелгенін хабарлайды. Сағат 10:32-де қысқа мерзімді түтіндеу орын алып, 10:47-де түтін толықтай сөндірілді. Аталған оқиғамен қатар сағат 10:40 және 11:10-да АО «KEGOK» тарапынан электр энергиясы кернеуінің төмендетілуіне байланысты хош иісті көмірсутектерді өндіру және гидрогенизациялық процестер өндірісі технологиялық қондырғыларындағы динамикалық жабдықтардың бір бөлігі тоқтатылып, қайта іске қосылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз».

Тағы бір түтіндеп жатқан алау, кейінірек белгілі болғандай, KPI зауытына, яғни полипропилен өндіретін біріктірілген газхимиялық кешенге (БГХК) тиесілі. «KPI Inc.» ЖШС баспасөз қызметі: «Зауытта электр өшуіне байланысты  өндіріс жартылай тоқтады» деп хабарлады.

3 сәуірде «KPI Inc.» ЖШС полипропилен өндіру бойынша біріккен газ-химиялық кешені қалыпты режимде жұмыс жасап тұрды. Бірақ сағат 10:59-да «KEGOC» АҚ 220 кВ Л-2025 желілерінде қысқаша тұйықталу орын алып, бұл “KPI Inc.” компаниясын жарықпен қамтамасыз ететін «KUS» ЖШС газтурбиналық электр станциясының апатты түрде тоқтауына себеп болды. Бұл БГХК-дегі электр қабылдағыштардың тұрақсыз жұмысына әкелді. Бұл фактіні БГХК кезекші қызметкерлері тез арада анықтады.

Алайда сағат 11:11-де «KEGOC» АҚ жүйелік операторы тұтынушыларға ескертпестен, бұзылған ВЛ-220 кВ Л-2025 желісін қайта іске қосып, бұл тұтынушылардың апатты түрде ажыратылуына, технологиялық процестің істен шығуына және пропанды дегидрлеу өндірісінің апатты түрде тоқтатылуына әкелді.

Автоматты режимде өндірістің қауіпсіз тоқтатылуын қамтамасыз ету үшін жоба бойынша барлық технологиялық операцияларды сақтай отырып, пропанды дегидрлеу қондырғысынан алауға шығарындылар жіберілді».

Айнұр САПАРОВА

3 сәуір 2023, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.