3 сәуірде Атырауда оқушылар мен студенттер қашықтан білім алады. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі хабарлады.
Оған қала іргесіндегі Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде жанған қамыстың салдарынан қаланы түтін басуы себеп болып отыр.
Жергілікті билік қосымша ақпаратты сәл кейінірек беруге уәде берді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
3 сәуір 2023, 11:54