Атырау, 9 қыркүйек 07:11
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Жағалауда тағы да қамыс жанып жатыр

1 552 рет қаралды
Көрнекі сурет

2 сәуір күні 09:12 сағатта Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында, "Ақжайық" МТР аумағында қамыс жанған.

Сағат 19:00-дағы акпарат бойынша қамыс жанған жердің көлемі 85 га құрады. ТЖД және "Ақжайық" МТР қызметкерлерінің күшімен жанған 80 га жер сөндірілді. 

Жанған қамысты Атырау облысы ТЖД 10 қызметкері мен 2 бірлік техника және "Ақжайық" МТР-дың 30 қызметкері, 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД ақпараты бойынша, жел екпінінің қатты болуына  байланысты қамыс өртін сөндіру қиындық тудыруда. Алайда елді мекенге таралу қаупі жоқ.

Өртті сөндіру жалғасуда.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 сәуір 2023, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.