Американдық БАҚ мәліметтерінше, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы күндері қамауға алынады. Алайда Трамптың адвокаты қамауға алынған жағдайда оның қолына кісен салынбайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрынғы президенттің адвокаттар тобы мен Манхэттеннің прокуратурасы арасында алдын ала осындай мәміле жасалды, деп хабарлайды News Sky.
Бұрын Нью-Йорктегі қазылар алқасы Трампқа қарсы 30-дан астам айыптау істерінің тізімін ұсынған болатын. Олардың қатарында Трамппен бірге ауызжаласып, бизнестегі алаяқтық схемаларда бірге болған порножұлдыз Сторми Дэниэлске ауызбастырық төлегені туралы оқиға да бар.
Өзіне тағылған қылмыстық айыптауларға қатысты Трамп 4 сәуірде сотта сөз алады деп күтіледі.
Бұған дейін Трамптың адвокаты Такопин Трамптың ешқандай қылмыс жасамағанын және оның өз кінәсін мойындауы жайлы ықтималдылық "нөлге" тең екенін жеткізген.
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне тағылған айыптаулар саяси астарға ие екенін мәлімдеген.