Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанның батысында «Бекіре-2023» балық қорғау акциясы басталды

860 просмотра

1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2023» ауқымды балық қорғау акциясы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян БАХИЯНОВ мәлім етті.

- Осы жылы негізгі күштер Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясына және Атырау облысы шегіндегі Жайық және Қиғаш өзендерінің су айдындарында шоғырланады. Өйткені бұл жерлер браконьерлік фактілерінің көріністеріне неғұрлым бейім. «Бекіре» акциясы кезінде батыс үш облыстың аумағында табиғат қорғау іс-шараларына құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының 1 203 қызметкері тартылатын болады. Оның ішінде 822 қызметкер Атырау облысында. Бұл қызметкерлер 66 қайық және шағын жүзу құралдарымен, сонымен қатар 145 автокөлікпен қамтамасыз етіледі. Жайық өзенінің жағалауында балық аулау заңнамасының ықтимал бұзушылықтарын тіркейтін он жеті бейнекамера орнатылып, жұмыс істейді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі үш жағалаудағы радиолокациялық станцияны іске қосады,- деді А.Бахиянов.   

Өткен жылдардағы балық қорғау акциясының нәтижесі көктемгі науқан кезеңінде браконьерлік топтардың қызметі жандана түскенін көрсетеді. Айталық, «Бекіре-2021» акциясы барысында Атырау облысының аумағында 952 заң бұзушылық анықталса, «Бекіре-2022» акциясында көрсеткіш 820 заң бұзушылыққа төмендеген.

Сонымен қатар, 47 жылжымалы бекет республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында (Астрахан, Ақтөбе, Орал және облыстық Индер тас жолдары) және қаладағы айналма жолдарда жұмыс істейтін болады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған сурет

2 сәуір 2023, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.