Атырау, 2 қазан 03:29
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді

859 просмотра

Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сол үшін Мәскеу Пхеньянға ресми делегация жіберейін деп жатыр.Мұны АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады.

Сондай-ақ, ол Құрама Штаттар екі мемлекет арасындағы келісімнің қалай жүзеге асып жатқанын жіті қадағалап отыратынын ескертті.

Ал Солтүстік Корея осындай мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған еді

Бірқатар бақылаушылардың пікірінше, Батыстың қатаң санкциясына ұшыраған Ресей өзіне аса қажетті қару-жарақты Солтүстік Корея мен Иран тәрізді мемлекеттерден сұрауға мәжбүр.

31 наурыз 2023, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.