Атырау, 28 қараша 06:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Вертинскаяны ұрып-соққан «бұзақы» бір жылға шартты түрде жазаланды

808 просмотра

30 наурызда Атырау қалалық 2 соты «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся ВЕРТИНСКАЯҒА шабуыл жасалу ісіне қатысты үкім шығарды. Сотталушы 23 жастағы жергілікті тұрғын Әлібек МЕЛЛЯТОВ Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған пробациялық бақылау орнату және мәжбүрлі еңбекке тартумен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Тараптардың жарыссөзі қарсаңында прокурор Абадан МАМЫРОВ дәл осындай жазаны сұрады, ал Вертинскаяның адвокаты Айбар ҚОСЫМБАЕВ істі ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі анағұрлым қатаңдатылған  2-тармағы («Жәбірленушінің қызметтік жұмысын немесе кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша қайта тергеуді сұрады.

Вертинскаяның адвокаты үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірмекші. Вертинская да бұл істі денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабымен қайта саралау керек еді деп есептейді. Еске салсақ, өткен жылдың 19 шілдесінде Меллятов оның бетінен ұрып, мұрнын сындырған – мұны компьютерлік томография көрсеткен.

Айнұр САПАРОВА

30 наурыз 2023, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.