Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Облыстық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялар төрағасы мен құрамын анықтады

1 536 просмотра

Бүгін, 30 наурызда облыстық және қалалық мәслихаттарда жақында болған сайлаудан кейінгі алғашқы сессиялар өтті.

Облыстық мәслихаттың  сессия барысында 30 депутаттың 17-сі қайта сайланғаны айтылды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат АЙМАНАКУМОВ жаңа құрамның орташа жасы - 45 жас екенін айтты. Оның ішінде 23 ер адам және 7 әйел бар. Олар азаматтық қоғамның 6 өкілі, 3 журналист, 9 кәсіпкер, білім және спорт саласының 3 қызметкері, 4 фермер, 3 өндіріс қызметкері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік органның бір-бірден өкілі.

Бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың тізімін «АЖ» жариялады. Партия тізіміне келетін болсақ, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша: Абілкарес Жеңіс Абілкаресұлы, Амантурлин Жанай Ислямгалиевич, Амиргалиева Айгүл Маулышарифовна, Ерекешов Айбар Асқарұлы, Идресов Абдолла Хамиұлы, Қосмұрзиева Гүлназ Мақсотқызы, Сапарова Эльмира Карифуллақызы, Тулеева Фатима Набидуллаевна, Тулина Надежда Николаевна, Хайруллин Жасұлан Ерсайынұлы; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша: Арыстан Қадыржан Бақтығалиұлы; «Партия Respublica» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша: Қасенов Серік Беркинғалиұлы; «Байтақ» қазақстандық Жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша: Қаметов Бақыт Хабидоллаұлы; «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша: Шин Константин Алексеевич; Юсупов Ермеккалий Тулепкалиевич сайланды.

Содан кейін халық қалаулылары төрағаны (бұрын хатшы деп аталды) сайлады. Ол Мұса Хайруллиев болды. Бюджет және экономика мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы болып Абдолла Идресов тағайындалса, оған Жеңіс Абілкарес, Айгүл Амиргалиева, Замзагуль Карсакова, Кадырбек Магзомов, Константин Шин және Жасулан Хайруллин көмектеседі. Экология, табиғи ресурстар және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі комиссияға Арман Хайруллин басшы болды, оның құрамына Қадыржан Арыстан, Бақыт Каметов, Нұрлан Қайырденов, Сейітжан Балжігітов, Қайырбек Баймұратов және Айбар Ерекешов кірді. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссияның құрамына Нұрлыбек Даралиев (төраға), Жанай Амантулин, Еркебұлан Кенжеғалиев, Қазбек Кертаев, Гүлназ Қосмурзиева, Эльмира Сапарова, Фатима Телеева және Надежда Тулина кірді. Заңдылық, депутаттық этика және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі комиссияға Ермекқали Юсупов басшы болды, оның командасында Саламат Идрисов, Қуаныш Исмагулов, Айжан Қарабаева, Серік Қасенов және Сырымбек Сәрсембаев бар.

Сол күні өткен қалалық мәслихат сессиясында төраға болып Нұрбол Құрманов сайланды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

30 наурыз 2023, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.