Атырау, 28 қараша 07:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Нұрлы Хабиева KPI-дің HR-қызметіне басшы болды

881 просмотра

Келеңсіз себептермен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметінен босатылған Нұрлы ХАБИЕВА «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-нің HR-қызметіне басшы болды.

KPI-ге атыраулықтарға белгілі екі экс-шенеунік қызметке тағайындалды. Бұған дейін Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ Астанадағы мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жөніндегі сарапшы болды. Оның Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Парламентінің сенаторы қызметін атқарғаны атыраулықтардың есінде.

Н.Хабиева KPI-ге наурыз айында келген. Бұған дейін қалалық жұмыспен қамту бөлімін ұзақ жыл басқарып, бірнеше рет тәртіптік жаза: қарамағындағы қызметкерге дөрекілік танытқаны үшін «ескерту», сондай-ақ көп балалы аналарды құрметтемегені үшін «қатаң сөгіс» алған.

Зауыттағы кадрлық ахуалдың әрең реттелгенін ескерсек, бұл тағайындау күтпеген жағдай болды. Еске салайық, өткен жылдың соңында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-нің жұмыстан босатылған қызметкерлері «АЖ»-ға хабарласып, кәсіпорында қызметтік қысқарту болайын деп жатқанын, ал «жергілікті еместер» «жергілікті тұрғындарды» ығыстырып жатқанын айтқан болатын. Барлық звено өкілдері алдағы жұмыстан босату туралы хабарлама алған.

Дегенмен, «KPI Inc.» ЖШС ресми ұстанымы басқаша болды, бұл процесс «құрылыс барысын бақылайтын мамандарды жоспарлы түрде демобилизациялау» деп аталды. Ол кезде ашық диалог нәтиже бермеді, зауыт әкімшілігі жұмысшылармен әлеуметтік желідегі жазбалар мен баспасөз хабарламалары арқылы сөйлесуді жөн көрді. Кейін тараптар БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз татуласқан.

Бірақ Н.Хабиеваға қайта оралайық. Мұнай-химия саласында тәжірибесі жоқ қызметкердің Қазақстанның №1 стратегиялық шикізат өңдеу жобасында аса маңызды міндеттері бар кадрларды дамытуға тағайындалуы өте оғаш көрінеді. Бұл әлеуметтік желіде де айтылды: көпшіліктің наразылығы сонша, ел президентіне хат жазып, тағайындаудың күшін жоюға қол жеткізбек.

Зульфия НОМАД

28 наурыз 2023, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.