Жақында әлеуметтік желіде белгісіз біреудің қолына суық қару ұстап, Азаттық даңғылының бойымен аяғын тәлтіректеп басып бара жатқаны бейнеленген ұялы телефоннан түсірілген видео тарады.
Сол жерге дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды. Олардың ақпараты бойынша, 1986 ж.т., 1993 ж.т., 1994 ж.т., 2002 ж.т. қоғам тыныштығын бұзушылар анықталған. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Мұның отбасылық жанжал болғаны белгілі болды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА