Атырау, 23 қараша 22:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

КХДР қайтадан Жапон теңізіне қарай зымыран ұшырды

742 просмотра

Қысқа қашықтықтағы зымырандар Солтүстік Корея провинцияларының бірінің аумағынан ұшырылды, деп хабарлады Оңтүстік Корея мен Жапонияның қорғаныс министрлігі, деп жазады Inbusiness.kz.

Солтүстік Корея қарулы күштері таңертең кем дегенде екі қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыранды ұшырды. Зымырандар Жапон теңізіне қарай бағытталған.

Жапонияның қорғаныс министрлігі зымырандарды ұшыру туралы мәліметтерді растады және олардың суға құлағанын, шамамен 350 шақырым ұшқанын көрсетті. Осыған байланысты Токио КХДР әрекеттеріне қатысты наразылық білдірілді. Жапония Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарды сынауы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға мұндай әрекеттерге тыйым салған қарарларын бұзу деп таныды.

Ал Пхеньян Корей түбегіндегі жағдайдың ушығуына Оңтүстік көршілер кінәлі деп айыптайды. Өйткені, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың жаттығулары басталмай жатып КХДР БҰҰ-ға Вашингтон мен Сеулге әсер етуді талап етіп, оларды "елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін" оқу-жаттығу шараларының алдын алуға шақырды. Алайда ешқандай шара қабылданбағандықтан, КХДР зымырандар ұшыруды бастады.

27 наурыз 2023, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.