Атырау, 4 маусым 13:32
 бұлттыВ Атырау +29
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

​Атырауда бес мектептің оқушылары қашықтан білім алатын болады

940 просмотра

Атырауда 13, 31, 19, 22 және 27 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланғандықтан, оқушылар оқу жылының соңғы тоқсанында онлайн оқитын болады. Бұл туралы қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан БАЛМҰХАНОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, мердігер мекемелермен келісімшарт жасалып қойған.

- Жұмыстың басталуы наурыз айының соңына белгіленген, мерзімі нормативтік талаптарға сәйкес 3,5 айдан 6,5 айға дейін. Қазір бастап жатырмыз, өйткені жазғы демалысты күтетін болсақ, құрылысшылар жаңа оқу жылының басына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермей қалуы мүмкін, – деді Е.Балмұханов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 наурыз, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.