Атырау, 28 қараша 07:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

25 наурыздан бастап Азаттық даңғылының бір бөлігі қайта жөндеуге жабылады

Сурет
1 124 просмотра

Қалалық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қайта жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 1,75 шақырымды құрайды. Бірақ бұл қашықтықтың бәрі бірден жабылмайды - жоба екі кезеңнен тұрады.

Алдымен «Империум Плаза» мейрамханасынан А.Құнанбаев көшесіне дейінгі жолды, екінші кезеңде Абай даңғылынан Темірханов көшесіне дейінгі учаскені жөндеу жоспарланып отыр. Мердігер – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.

Атырау әкімдігінде хабарланғандай, 25 наурызда «Империум Плаза» мейрамханасынан Ашхабад көшесіне дейінгі 350 метрлік учаске жабылды. Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының қозғалысы уақытша өзгереді.

Жобалық шешімдерге сәйкес, Азаттық даңғылындағы жол 14-15 метрге дейін кеңейтіліп, тротуарлар мен жолжиектер жаңартылып, заманауи автобус аялдамалары мен бағдаршамдар орнатылады.

Айта кетейік, Азаттық даңғылындағы көлік жолын қайта жөндеу жұмыстары өткен жылы басталды. Ол кезде «Маслопром» аялдамасынан «Империум Плаза» мейрамханасына дейінгі 750 метрлік учаске кеңейтілген болатын. Абай даңғылынан «Маслопром» аялдамасына дейінгі айналма жол учаскесі әзірге жөнделмейді. Қазір оған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 наурыз 2023, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.