Атырау, 20 сәуір 11:27
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау облысы мәслихатына кім депутат болды (тізім)

1 549 просмотра

24 наурызда облыстық сайлау комиссиясы Атырау облысы мәслихатының жаңадан сайланған депутаттарының тізімін ұсынды. 30 мандат үшін 39 үміткер бақ сынады. Сонымен, кім депутат болды.

Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылардың бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың мынадай бөлінуі белгіленді.

«Амаnat» партиясына – 10;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 1;

«Respublica» партиясына – 1;

«Байтақ» жасылдар партиясына – 1;

«Ақ жол» демократиялық партиясына 2 орын берілді»

Бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихаттың депутаттығына төмендегі тұлғалар сайланды:

№1 сайлау округі бойынша - Семғалиев Әлібек Аманжанұлы, 1977 жылы туған, Атырау облысы кәсіподақ орталығының төрағасы;

№2 сайлау округі бойынша - Даралиев Нұрлыбек Нұрболұлы, 1990 жылы туған, облыстық олимпиадалық резервті дайындау орталығының әдіскері;

№3 сайлау округі бойынша - Мағзомов Қадырбек Тілегенұлы, 1981 жылы туған, «KuanTrans Logistics» ЖШС бас директоры;

№4 сайлау округі бойынша - Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы, 1984 жылы туған, жеке кәсіпкер;

№5 сайлау округі бойынша - Хайруллиев Мұса Қарашаұлы, 1984 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры;

№6 сайлау округі бойынша – Кертаев Қазбек Мұханбетұлы, 1979 жылы туған, «Caspian News» ЖШС директоры;

№7 сайлау округі бойынша - Қарабаева Айжан Сәрсенқызы, 1976 жылы туған, Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжінің директоры;

№8 сайлау округі бойынша - Сәрсембаев Сырымбек Жақсыбекұлы, 1983 жылы туған, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;

№9 сайлау округі бойынша - Балжігітов Сейітжан Қапанұлы, 1976 жылы туған, жеке кәсіпкер, Жылыой ауданының тұрғыны;

№10 сайлау округі бойынша – Идрисов Саламат Нұрмұханұлы, 1974 жылы туған, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры;

№11 сайлау округі бойынша - Қайырденов Нұрлан Саматұлы, 1974 жылы туған, жеке кәсіпкер, Исатай ауданының тұрғыны;

№12 сайлау округі бойынша - Қарсақова Зәмзәгүл Оңдасынқызы, 1972 жылы туған, жеке кәсіпкер, Құрманғазы ауданының тұрғыны;

№13 сайлау округі бойынша - Баймұратов Қайырбек Бағытжанұлы, 1969 жылы туған, «Бәйтерек-Стройсервис» ЖШС директоры, Қызылқоға ауданының тұрғыны;

№14 сайлау округі бойынша - Исмагулов Қуаныш Жанашұлы, 1977 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Мақат ауданының тұрғыны;

№15 сайлау округі бойынша - Кенжеғалиев Еркебұлан Мұсаұлы, 1983 жылы туған, жеке кәсіпкер, Махамбет ауданының тұрғыны.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 наурыз 2023, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.