Атырау, 28 қараша 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау мен қала маңындағы көшелерді қайта жаңғырту және орташа жөндеу туралы

1 516 просмотра

Биыл Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолдары жалпы сомасы 9,7 млрд теңгеге қайта жаңғыртылады. Бұл туралы қалалық ТКШ және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВ мәлім етті.

Оның ішінде С.Датов, Азаттық, Әуезов көшелері, Атырау-Индер, Балықшы-Зарослый автокөлік жолдары қайта жаңғыртылады. Еркінқала, Еркінқала-2, Балауса, Ракуш, Алмалы, Томарлы, Бірлік-1, Бірлік-2 ауылдары арасында басталған жол құрылысы жалғасады, – деді А.Мұханбеталиев. - Жолдың орташа жөндеу жұмыстары Сәтпаев, Молдағұлова, Молдағалиев, Әліпов, Темірханов, Құлманов, Құнанбаев, Садықов және Жұмағалиев көшелерінде жүргізіледі. Жаңа жобаларға ашық электронды конкурс жарияланды, мердігерлер анықталуда.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

24 наурыз 2023, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.