Атырау, 3 маусым 13:29
 ашықВ Атырау +26
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

Жазғы каникулда өңірдегі 25 мектеп қайта жаңғыртылады

782 просмотра

Мақат ауылындағы М.Баймұханов атындағы орта мектеп

Бұл жөнінде облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл БАЙДОШЕВ мәлім етті.

 - Ол үшін 800 млн теңге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары барысында мектептер пәндік кабинеттермен, жиһазымен жарақтандырылып, қауіпсіздік жүйелерімен қамтылады, кітапханалары мен асханалары жаңартылады. Білім ордаларында оқушылардың инклюзивті білім алуына мүмкіндік жасаймыз. Бұл жұмыстарды оқушылар жазғы демалысқа кеткен уақытта бастап, жаңа оқу жылының басына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Т.Байдошев. 

Оның айтуынша, Атырау қаласының 4 мектебі (Алмалы, №32, Б.Нысанбаев, Қ.Смағұлов) және Жылыой ауданында 2 мектеп, Индер ауданында 4 мектеп, Исатай ауданында 2 мектеп, Құрманғазы ауданында 6 мектеп, Қызылқоға ауданында 3 мектеп, Мақат ауданында 2 мектеп және Махамбет ауданында 2 мектеп жаңартудан өтеді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 наурыз, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.