Атырау, 23 қараша 22:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Молдова елдің ресми тілінің атауын румын тілі деп өзгертті

927 просмотра

Молдова президенті Майя Санду 22 наурызда мемлекеттік тілді румын тілі деп ауыстыратын жарлыққа қол қойды. Ел парламенті бұл заң жобасын өткен аптада қабылдаған еді, ал заң жобасы парламентке ақпанның соңында түскен, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ел заңында бұған дейін мемлекеттік тіл "молдаван тілі" деп аталып келген еді.

Майя Санду Facebook-тегі парақшасында румын тілі қоғамды біріктіріп, елді Еуропа одағымен интеграциялауға көмектеседі деп мәлімдеді.

"Ондаған жыл бойы Молдова азаматтары румын тілінде емес, "молдаван" тілінде сөйлейді деп келгендер бізді бөлшектеуді көздеді. Бізді екіге бөлгісі келгендер лингвистиканы ойлаған жоқ, олар Молдова халқын дауластырып қоюды көздеді" деп жазды ол.

  • Кейбір тіл мамандары молдаван тілі болмағанын, Румыния мен Молдова халқы румын тілінде сөйлейтінін айтады. Ал тағы бір топ тіл маманы молдаван және румын тілдері бір-біріне ұқсас дейді. Молдова ССР-і кезінде елдің ресми тілін молдаван тілі деп ауыстырып, әліпбиді латыннан кириллицаға көшірген. Ал 1989 жылы Молдова Совет Одағынан бөлініп шыққан соң, кириллицадан қайта латын қарпіне өткен. Бұл жолы ел билігі мемлекет тілін толық өзгерткен жоқ, тек атауын ауыстырды.
  • Румыния – Еуропа одағының мүшесі, Молдова 2022 жылы Еуропа одағына кандидат ел деп танылған. Молдова азаматтарының көбінде, соның ішінде президент Майя Сандуда да Румыния азаматтығы бар.
  • Ресейдің көмегімен өзін мемлекет деп жариялап алған "Приднестровье республикасында" "молдаван тілі" ресми тіл болып қала бермек. Бірақ бұл аймақта негізінен орыс тілі қолданылады.

24 наурыз 2023, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.