Атырау облысының қоғам белсенділері әсері жоғары, дәрігердің рұқсатымен ғана босатылатын психотропты дәрілерді сатуға және тұтынуға наразылық білдіріп, аталған құқық бұзушылыққа қатысты жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстары әлеуметтік желіде таралуда.
Айта кетейік, соңғы екі жылда жергілікті полицейлер 18 мыңнан астам психотропты дәрі-дәрмектерді (трамадол, тропикамид, прегабалин) заңсыз айналымнан тәркілеген. Заң бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды. Бапта жеке тұлғаларға 70 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген.
Ал психотроптық есірткіні аса ірі көлемде сатқан 48 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА