Атырау, 28 қараша 08:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шұрқ-тесік жолдарды жөндеу сәуірде басталады

1 251 просмотра

Атырау қаласы мен қала аумағындағы елді-мекендердің жолындағы ойық-тесік жерлерді жамау жұмыстары биыл сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қала орталығындағы жөнделетін жолдардың жалпы көлемі 40 мың шаршы метрді құрайды. Мердігер - «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС мекемесі.

Сонымен қатар Жилгородок-Авангард көпіріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама жасақталып жатыр.

Еске салсақ, былтыр 2022-2023 жылдары Атырау қаласында бұрын асфальт төселмей қалған 71 көшеге жол төселетінін жазғанбыз. Мердігер «Казахдорстрой» ЖШС мекемесі былтыр СМП-136, Атырау ықшамауданы №4 көше, Әубәкіров көшесі және т.б. (барлығы 22 көшеге) жол төсеген. Қалған көшедегі жұмыстар биыл бюджеттен қаражат көзі бөлінуіне байланысты жалғасады, - деді ТКШ бөлімінде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет

21 наурыз 2023, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.