Атырау, 27 қараша 18:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Ерік Мостовой» кәріз жүйесіне және жазда тал суаруға пайдаланылады

Сурет
1 133 просмотра

Облыс әкімдігі дренаж арнасының мәселесін шешіп, оны ел игілігіне пайдалануды көздеп отыр. Өткен сенбіде облыс әкімі Серік Шәпкенов және қала әкімі Мейірім Қалауи арнаның жағдайымен танысып қайтты.

Мамандармен ақылдаса келе облыс басшылығы арнаны қайтадан қалпына келтіру бойынша жобалық жұмыстарды қолға алуға ниетті. Арна түбіне дренаж және кәріздік коммуникациялар, жазғы су құбыры тартылады деп жоспарланып отыр. Бұл жерге веложолақтар және жаяу жүргіншілер жолын салу, көше шамдарын, орындықтар және тағы да басқаларын орнату жоспарда бар.

Атырау облысы әкімдігі хабарлағандай, жаңартылған дренаж арнасы коммуналдық мәселелерді шешіп қана қоймай, жер асты суының деңгейін төмендетуге көмектеседі. Жобаның басты артықшылығының бірі - арна есебінен қаладағы кәріз жүйесін ұзартуға мүмкіндік туады. Бұл жеке сектордағы үйлердің 70-80% -ін орталық кәріз жүйесіне қосылады деген сөз. 

Жиырма жыл бұрын Атырауда салынған «Ерік Мостовой» дренаж арнасы осы күнге дейін өз мақсатында пайдаланылған жоқ. Оның бір себебі - Жайық өзеніндегі су деңгейінің азаюы. «Ерік Мостовой» су тасқыны кезінде осы өзеннің арнасын бұруға бағытталған еді. Соңғы онжылдықтарда «Ерік Мостовой» жаңбыр мен қар суының тұндырғысына, ал жазда шыбын-шіркейдің ұясына айналған. Бұдан бөлек бұл жерге тұрмыстық қалдықтар да жиналып тұрады. Мұның бәрі қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін тигізді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

20 наурыз 2023, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.