Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ өз өтініші бойынша қызметінен кетті.
А. Байдуәлиев 2020 жылдың 22 қазанында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді.
Оның міндетін атқару уақытша басқарма басшысының орынбасары Қайсар АБДАЛИЕВКЕ жүктелді.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ А.Байдуәлиевтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, облыстың Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ Алғыс хатын табыстады.
Кейін А.Баудуәлиевтің Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА