Жаңаталап ауылдық округінде мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ ашылу салтанатында ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл нысанның рухани өмірін өркендетуге септігі мол мәдениет ошағы боларына сенім білдірді. Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл ғимаратта 300 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, гримдеу бөлмелері, асхана, әдістемелік кабинеттер қарастырылған. Ғимараттың сыртқы қас беті Құрманғазы (Ганюшкин) ауылында дүниеге келген Хиуаз Доспанова және Құрманғазы Сағырбаевтың фотосуреттерінен трафаретпен безендірілген. Мәдениет үйінің ауласы көгалдандырылып, балалар ойын алаңымен жабдықталатын болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған суреттер