Атырау, 12 қазан 09:28
 дождьВ Атырау +11.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Көлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушы ұсталды

Сурет
1 527 рет қаралды

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясынан автокөлік контрабандасымен айналысқан деген күдікпен 33 жастағы деструктивті діни ағымды ұстанушыны анықтаған. 

Тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, РФ төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация және түбіртектер табылған.

ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен («Жалған құжаттарды жасау, дайындау және сату») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД жолдаған суреттер

18 наурыз 2023, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.