Францияның Париж қаласында зейнет жасын көтеру туралы заң қабылданғаннан кейін наразылық шаралары қайта басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Заң жобасы елде жаппай наразылықтар мен ереуілдердің өршуіне себеп болды. Десе де Франция үкіметі құжатты парламенттің төменгі палатасында дауысқа салусыз қабылдады. Осылайша зейнеткерлік жас 62-ден 64 жасқа дейін көтерілді.
Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі таңда шеруге алты мыңнан астам адам қатысқан. Бордо, Гренобль, Страсбург, Тулон, Лилль, Нант қалаларында да ауқымды наразылық акциялары өтті.
Айта кетейік, ел президенті Эммануэль Макрон ұсынған реформаға сәйкес, азаматтардың зейнет жасы 2030 жылға дейін біртіндеп 64 жасқа дейін көтеріледі.