Атырау, 28 қараша 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты

Сурет
1 014 просмотра

16 наурызда «Algabus» автопаркі жаңа 10 автобуспен толықты. Осыған орай өткізілген шараға қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИ қатысты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жаңа автобустар (Қытай) №10 және №20 маршруттарында қатынайтын болады. Жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы көтергіш құралы орнатылған. 20 орындық және тұрып тұруға 30 орын бар, GPS, салқындатқышпен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Айта кетейік, көлік Еуро-5 стандарттарына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті қала әкімінің баспасөз қызметі жолдады

17 наурыз 2023, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.