Атырау, 24 қараша 01:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҰҰ комиссиясы Ресейдің Украинаға ашқан соғысын геноцид деп таппады

1 086 просмотра

БҰҰ Халықаралық комиссиясы Ресейдің Украинада әскери қылмыстар жасағанын нақтылады, бірақ ол әрекеттерді «геноцидке» жатқызған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Зерттеу авторлары оларды жасағандардың геноцид жасау пиғылы болған-болмағаны туралы тікелей дәлелдер жоқ екенін айтты.

«Біз Украина аумағында геноцид болғанын анықтаған жоқпыз. Бұл мәселедегі барлық дәлелді қадағалап отырамыз және осы қылмысқа қатысты сұрақ туындауы мүмкін бірқатар аспект бар екенін атап өттік. Мысалы, ресейлік БАҚ-тың белгілі бір топтарға қарсы бағытталған кейбір мәлімдемесі бар»,- деді БҰҰ тергеу тобының жетекшісі Эрик Месе.

Ресей билігінің балаларды Украинадан заңсыз көшіруіне қатысты комиссия сарапшыларының пікірінше, ол «әскери қылмысқа» жатады.

«Комиссия Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы балаларды мәжбүрлеп көшіру және депортациялау жағдайын зерттеді. Тараптар ұсынған сандарда көп айырмашалық бар. Комиссия қараған оқиғаларда балаларды мәжбүрлеп көшіру мен депортациялауға қатысты бірнеше жағдай анықталды»,- деді БҰҰ-ның Украинадағы оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссары Ясминка Джумхур.

Комиссия сонымен қатар Ресей Украинаның энергетикалық және су инфрақұрылымына шабуылы  адамзатқа қарсы қылмыстармен теңестірілуі мүмкін екенін анықтады.

Айта кетерлігі, Украинадағы соғыс туралы дайындалған есеп бүгінгі күнге дейінгі ең жоғары деңгейдегі халықаралық тергеу болып саналады.

17 наурыз 2023, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.