Атырау, 3 маусым 20:34
 ашықВ Атырау +24
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

Бірлік ауылында 6 жасар бала каналға батып кетті

1 029 просмотра

14 наурыз күні Құрманғазы ауданы Бірлік ауылында ағайынды 6 және 9 жасар екі бала су толы Щучий каналы бойында ойнап жүріп, байқаусызда кішісі құлап кетеді. Үлкені оны құтқармақ болғанымен, ол да бата бастайды.

С. Имашев атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары көмекке келіп, оларды шығарып алды. Алайда, өкінішке орай  6 жастағы баладан тіршілік нышаны сезілмейді. Ол оқиға орнында қайтыс болады. Ал ағасы  аудандық ауруханаға жеткізілген. Бүгінде аудан дәрігерлері оның жағдайы бірқалыпты, жақсы екенін айтады. 

Аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

16 наурыз, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.