15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген маркасы Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтап, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Бұл көліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, автокөлік айып тұрағына қойылды.