Атырау, 28 қараша 08:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Енді үлгермейді

893 просмотра

Апелляциялық сот Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына экс-кандидат – 51 жастағы кәсіпкер Бекболат ЛАТИПОВТІҢ ісі бойынша бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Еске салсақ, 13 наурызда оның адвокаты Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіндегі №1 бір мандатты сайлау округі бойынша сайлау комиссиясының шешімін күшінде қалдырған әкімшілік соттың шешіміне апелляциялық шағым түсірген болатын. Латипов «компания акцияларына ие» деген желеумен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар тізімінен шығарылды. Ал, оның айтуынша, ол мемлекеттік кірістер департаментіне толық декларация тапсырған. Бірақ бұл акциялар туралы бірінші рет естіп отырғанын және оларды сатып алмағанын айтады.

– Жоғарғы сотқа кассациялық тәртіпте шағым түсіріп үлгермейтін шығармыз, санаулы күннен кейін сайлау өтеді, – дейді экс-кандидат.

Айнұр САПАРОВА

16 наурыз 2023, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.