Атырау облысы бойынша МКД 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеудің соңғы мерзімі 2023 жылғы 1 сәуір екендігін еске салады.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында орналастырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта салық органдары есептеген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салық сомалары «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА