Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Тамаша» сауда-ойын-сауық орталығында «ProWomen Atyrau» әйелдер клубының жәрмеңкесі өтті. Клуб мүшелері өздерінің дағдыларын көрсетті. Қонақтар шеберлік сабақтарын, трансформация ойындарын, қолдан жасалған бұйымдар, киім, косметика және т.б. тамашалады.
Біз әйелдер қауымдастығының негізін қалаушы Виолетта ЧУРЕЕВАМЕН тілдестік.
- Виолетта, бүгінгі шараның мақсаты не?
- Бүгін клубқа қатысушылармен бірге алғаш рет осындай үлкен үлкен шара ұйымдастырып отырмыз. Клуб есігін аштық деуге болады. Бұл жерде қыздарымыздың таланты ұсынылған. Қараңызшы, олардың қаншалықты көп қырлы екенін көресіз. Әрқайсының өз өнімі немесе қызметі бар. Кейбірі үшін бұл хобби болса, басқалары үшін – табыс көзі. Біз клуб аясында біріктік, бұл өте қуатты энергия.
Бүгін залда 30-дан астам қатысушының бұйымдары қойылған, тауарлар мен қызметтер де алуан түрлі. Әр әйел ерекше, сондықтан бұл әлемде әр алуан қырынан көріне аламыз. Бірақ қауымдастықта одан да күштіміз. «Әйелдердің біріккен күші» осыны дәлелдейді. Кез-келген Атырау тұрғыны жақындарына сыйлық сатып ала алады, кіру тегін. Сондай-ақ, нетворкингті жолға қойып, танысып, байланыс дерегімен, әлеуметтік желілердегі аккаунтармен алмасуға болады. Бүгін қаншама адам келгенін қараңызшы, жексенбі күніне қарамастан, біздің қатысушыларымызды қолдауға уақыт тапқан барша жанға ризамыз.
- Қауымдастық туралы айтып берсеңіз.
- Ол өзін дамытумен айналысатын PRO-белсенді, саналы қыздар мен әйелдердің басын біріктіреді. Бүгінгі таңда клубта 160-тан астам адам бар, бірақ біз үшін саны емес, сапасы маңызды. Ал біріккен кезде керемет күшке айналамыз. Біздің клуб жабық, бірақ өзімен жұмыс істеуге, өзін-өзі дамытуға және білімі мен энергиясымен бөлісуге дайын кез келген қыз мүше бола алады.
Залды аралап жүріп, әйелдердің өз ісімен сүйсіне айналысып жатқанын көреміз. Жәрмеңкеге қатысушылардың жасы да әртүрлі екені қуантады. Мына жерде Дина апай егде тартқан жасына қарамай, өз жұмысын – киізден жасаған бұйымдарын көрсетіп тұр, тіпті киіз басу бойынша шеберлік сабағын өткізуді де жоспарлап отыр.
- Осындай қауымдастықтарды, осындай шараларды өте жақсы көремін. Өзім де сыйлық жасап, жағымды эмоцияларды еске сақтағанды жақсы көремін, жәрмеңке осы көңіл-күйді сыйлады, - дейді қатысушылардың бірі Айгүл ҚАЛЫБАЕВА. - Менің басты мақсатым - жақсы уақыт өткізу және ой-өрісімді кеңейту. Бұл менің осындай іс-шаралардағы алғашқы тәжірибем. Мұның бәрі шабыттандырады, бізге осындай идея ұсынып, оны іске асырған Виолеттаға алғыс білдіргім келеді.
Жәрмеңкеге тағы бір қатысушы Гаухар ҚАБДРАХМАНОВА да мұндай форматқа алғаш рет қатысып отыр:
- Мен тек ішкі жан дүнием үшін, атмосфера үшін қосылдым, қыздармен бір толқында болғым келді. Жас кезімде промоутер болып жұмыс істедім, маған бұл жақын әрі қызықты. Жәрмеңкеде бізде қаншама кәсіпқой қыздардың бар екенін, олардың қаншалықты талантты екенін, уақыт тауып, сүйікті ісімен айналысатындарын көрдім. Мұндай кездесулер Атырауда жиі болады деп үміттенемін.
Редакциямыздың атынан әйелдер клубына өркендеп, дамуды тілейміз және барлық әйелдер қауымын алдағы мерекемен құттықтағым келеді. Аман-сау, бақытты болыңыздар!
Елена СҮНДЕТОВА
Суреттерді түсірген автор