Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзі басқаратын өңірде үш зымыран атып түсірілгенін хабарлады деп жазады Azattyq.org порталы.
Оның мәліметіне қарағанда, дүйсенбі күні Новый Оскол қаласында әуе қорғанысы жүйесі дабыл қаққан. "Бір адам қолынан жараланды" дейді Гладков телеграм-арнасында.
Губернатордың сөзінше, Новый Оскол округіндегі бірнеше селоның электр желілеріне зақым келген.
Украинада соғыс басталғалы бері Ресейдің Украинамен шектес аймақтарындағы елді мекендер атқыланғаны және өлгендер туралы ақпарат жиі шыға бастаған. Ресей басшылығы мұны Украинадан көреді, Украина бұл жөнінде қандай да бір түсініктеме берген емес.
Шекара аймағындағы Ресей әскері Украина жерін атқылап келеді. Белгород облысынан Украинаның Харьков облысы мен оның орталығы ұдайы атқыланып отыр.