Атырау, 24 қараша 01:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда президент сайлауына кімдер түсуі мүмкін

920 просмотра

Түркияда алты партиядан тұратын «Халықтық альянс» алдағы көктемде өтетін сайлауда Кемал Кылычдароғлыны Мемлекет басшысына бірыңғай кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Euronews ақпарат агенттігінің жазуынша, келіссөздер қиынға соқты, себебі оның кандидатурасымен «Жақсы партияның» жетекшісі Мерал Акшенер келіспеді. Ол Стамбул мэрі Экрем Имамоғлы немесе Анкара мэрі Мансур Явашты кандидат ретінде ұсыну керек екенін айтты.

74 жастағы Кемал Кылычдароғлы – Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік негізін қалаған Халықтық-республикалық партияның төрағасы.

Егер оның кандидаты сайлауда жеңіске жетер болса, оппозиция елдегі парламенттік жүйені нығайту үшін президенттің кейбір өкілеттігін шектеуді ұсынады.

Режеп Тайып Ердоған 10 наурызда сайлауға дайындық туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Жарияланғаннан кейін 60 күндік сайлау кезеңі басталады. Бұл жағдайда дауыс беру 14 мамырда өтеді.

Сайлау науқаны елдің жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеру процесі аясында өтеді. Бұл тақырып кандидаттардың сайлауалды пікірталасында басымдылыққа ие болады.

Жергілікті сарапшылардың пікірінше, Ердоған мен Кылычдароғлының жеңіске жету мүмкіндігі бірдей.

7 наурыз 2023, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.