Атырау, 28 қараша 10:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда 6 наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру үшін құжат қабылдау басталады

Сурет
1 102 просмотра

21-ден 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге 2,5% жеңілдетілген микрокредит ұсынылады.

Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Микрокредиттің максималды мөлшері - 5 миллион теңге. Мал шаруашылығы жобалары үшін несие мерзімі жеті жыл, басқа бағыттар үшін - бес жыл. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - 2,5% -дан аспайды.

- Өтінім берушілер арасында жеке кәсіпкер болса, оның ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. Сондай-ақ, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспайды. Кепіл болуы – міндетті. Ол үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні, яғни, ата-аналарын, туыстарын және т.б. тартуға болады - деді А. Мәмбетов. - Өтінім беру үшін қажетті құжаттарды  «Агронесие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалына тапсыру қажет.


Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 наурыз 2023, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.