Бұл туралы Атырау облысы әкімдігініңресми парақшасында хабарланды.
Ажар Ғинияттың 3 наурыздағы жұмыс сапары бағдарламасына сәйкес, жұма күні облыстық кардиология орталығына бару, «Brando» бір рет қолданатын шприц шығару зауытының жұмысымен танысу, қала маңындағы Еркінқала ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны аралап, жұмысымен танысу жоспарланған.
Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған брифинг, Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облысының тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау (алдын ала сағат 17.40-20.00 аралығында) өтеді.