Атырау, 28 қараша 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Заң бұзушылықтар хроникасы

1 288 просмотра

Махамбет ауданының 49 жастағы тұрғыны полицияға өзінің шаруа қожалығынан темір құбырлар мен көліктің қосалқы бөлшектері ұрланғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде Махамбет АПБ қызметкерлері 1993 жылғы екі күдіктіні анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

* * * * * * 

Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының тұрғыны полицияға сиырының ұрланғанына шағымданды. Осыдан кейін оның ауылдасы да бір сиырым ұрланды деп арызданған.

Тергеу-іздестіру шарасы кезінде полицейлер 36 жастағы күдіктіні ұстап, Қызылқоға АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына («Мал қорасына кiрумен жасалған мал ұрлау») сәйкес бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.

* * * * * 

Доссор-Құлсары жолының 8-шақырымында орналасқан шайханада белгісіз үш адам тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан азаматтарын қорқытып, олардан 4 ұялы телефон мен 1 мың рубль қаражатын алып кеткен. 

Көп ұзамай, полиция үш күдіктіні - 18, 19 және 20 жастағы Құлсары қаласының тұрғындарын ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

* * * *

Атырау қаласының полиция басқармасы №2 ҚПБ-нің кезекші бөліміне Береке ықшам ауданында орналасқан пәтерлердің бірінде белгісіз азаматшаның есірткілік, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Осы пәтерді тексеру кезінде полицейлер 7 қорап трамадол, 3 құты тропикамид және басқа да психотроптық препараттар тапқан. Бұдан бөлек нашақорлар әйелге кепілдік ретінде қалдырған 14 жеке бас куәлігі мен 3 млн теңге табылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы («Психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

* * * * *

28 жастағы Әзірбайжан азаматы полицияға белгісіз біреу өзінің BMW көлігін ұрлап кеткенін хабарлаған. №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қысқа уақыт ішінде көлікті анықтап, қожайынына қайтарды, қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Шетелдік азамат атыраулық тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

* * * * *

Атырау облысында «Мигрант» шарасы өткізіліп, көші-қон заңнамасын бұзған 900-ден астам шетелдік азаматтар анықталды.

Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының әр түрлі тармақтары бойынша - белгіленген мерзімнен кейін ҚР аумағынан шықпағаны, жұмысқа орналасуға рұқсатсыз жұмыс істегені және т.б. үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өзбекстанның 91азаматы жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты қабылдаушы-таратушы мекемесіне орналастырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы («Заңнаманы бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тарту») бойынша 372 жергілікті тұрғын әкімшілік жазаға тартылды.

* * * * *

Әлдебір себеппен 53 жастағы атыраулықтың тек кеңестік паспортынан басқа құжаты болмағандықтан, үнемі қиындықтар туындаған. Атап айтқанда, ол облыстық фтизиопульмонология орталығында ем ала алмаған.

«Мейірім Қазақстан» ҮЕҰ өкілдерінің қолдауымен Атырау ҚПБ көші-қон қызметі инспекторлары оған жеке басын куәландыратын жаңа құжатты табыс етті. Тұрғын оларға үлкен ризашылық білдірді.

* * * * *

«Браконьер» шарасы барысында патрульдік полицейлер Астрахань трассасында Mitsubishi Montero көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүк салғыштан тіркелмеген аңшылық мылтық табылды.

Екі күдікті полиция бөліміне жеткізілді, тиісті құжаттар жиналып жатыр.

* * * * *

Атырау-Орал тас жолының 146-шақырымында полиция қызметкерлері ВАЗ-2115 көлігін тоқтатты. 34 жастағы жүргізушісі мас болған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына («Мас күйінде жүргізушінің көлік құралын жүргізуі») сәйкес әкімшілік хаттама жасалды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД жолдаған суреттер

7 наурыз 2023, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.