Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 2023 жылдың 14 мамырында өтеді. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«14 мамырда біздің халық талап ететін саяси науқан өтеді, түркиялықтар сайлауда дауыс береді», - деді Режеп Тайып Ердоған.
Бұған дейін елде болған жойқын жер сілкінісіне байланысты сайлау кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылған болатын.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда бірқатар жер сілкінісі болып, 14 миллион адам зардап шеккен.
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәліметтер бойынша 45 089-ға жетті.